Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтыну кооперативi туралы
1-бап. Негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

мүлiктiк (пайлық) жарна - тұтыну кооперативiнiң мүлiктiк (пайлық) қорына тұтыну кооперативi мүшелерiнiң ақшалай, мүлiкпен немесе ақшалай бағасы бар мүлiк құқығымен қосатын жарнасы;

мүлiктiк (пайлық) қор - тұтыну кооперативiн құру немесе оған кiру кезiнде мүшелерi енгiзетiн мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;

тұтыну кооперативі - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi;

резервтiк қор - төтенше жағдайлардың салдарынан келтiрілген залалдарды жабуға арналған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi;

тұтыну кооперативiнiң мүшесi - осы Заңның талаптарын қанағаттандыратын, кооперативтiң жарғысында белгiленген мөлшерде мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және кооперативке дауыс беру құқығымен қабылданған азамат және (немесе) заңды тұлға.

Статья 1 2 3 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197