Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өрт қауiпсiздiгi туралы
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 6 Өрт қауiпсiздiгi туралы



 Уәкiлеттi орган:

1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлейдi;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;

4-1) халықты және ұйымдарды өрт қауiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар етедi;

 5) алып тасталды

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

6-1) өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

7) өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;

8) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады;

9-1) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

10) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыруды бақылайды;

11) объектiлер құрылысына өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын келiседi;

12) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

13) өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

15) өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi;

15-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi;

16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

 17) өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;

18) сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;

19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi - 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өрт қауiпсiздiгi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Өрт қауiпсiздiгi туралы