Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кәсiптiк одақтар туралы
19-бап. Сайланбалы кәсiподақ қызметкерлерiне берiлетiн кепiлдiктер



Ст. 19 Кәсiптiк одақтар туралы



Сайланбалы кәсiподақ қызметкерлерiн, кәсiпорын толық таратылған реттердi қоспағанда, әкiмшiлiктiң бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ олар мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының алдын-ала келiсiмiнсiз тәртiптiк жазаға тартуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға болмайды.

Кәсiподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлердi сайланған өкiлеттiгi бiткеннен кейiн екi жыл iшiнде әкiмшiлiктiң бастамасымен жұмыстан шығаруға жол берiлмейдi, бұған кәсiпорын толық таратылған немесе қызметкер заң бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкiн болатындай кiнәлi iс-әрекет жасаған реттер қосылмайды. Мұндай реттерде жұмыстан шығару осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.

Сайланбалы кәсiподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделерiн көздеп қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуына, кәсiподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға делегат ретiнде қатысқан, сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына қатысқан кезiнде өндiрiстiк жұмыстан босатылады.

Жұмыстан босату шарттары мен ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттар мен келiсiмдерде көзделедi. 4-тарау

Бастауыш кәсiподақ ұйымдарының кәсiподақ

комитеттерi

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кәсiптiк одақтар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Кәсiптiк одақтар туралы