Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
30-бап. Республика Президентiн қамтамасыз ету



Ст. 30 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентi қызметiнде болған кезеңге осы қызметке сайланған тұлға Республика аумағында резиденциялармен, Республика астанасында қызмет пәтерiмен және мемлекеттiк саяжаймен қамтамасыз етiледi.

2. Республика Президентi арнайы мақсаттағы автокөлiкпен, арнайы жабдықталған ұшақтармен және тiкұшақтармен, сондай-ақ арнайы жабдықталған көлiк құралдарының өзге де түрлерiмен қамтамасыз етiледi.

3. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз етедi.

4. Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы қамтамасыз етедi.

5. Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi Республика Президентiнiң Күзет қызметi жүзеге асырады.

5-1. Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентiнiң жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады.

Ескерту. 30-бап 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733