Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы

Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы
10-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар



Ст. 10-3 Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184



1. Мынадай:

1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;

5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

 Ескерту. Заң 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...10-1 10-2 10-3 10-4 10-5 ...11 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-3-бап Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184