Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы

Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы
6-4-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 6-4 Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184



1. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады.

Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

2. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың:

1) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларымен және осы мекемеде болу тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттармен танысуға;

2) тамақтануға, оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетілуіне;

3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға;

4) дербес жеке шотындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдерін  және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағында сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған өзге де заттарды сатып алуға;

5) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жақын туысқандарымен кездесуге;

6) шектеусіз хат-хабар алмасуға;

7) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен сәлемдемелер алуға, жөнелтімдер жіберуге және алуға;

8) өздерінің жеке шотына аударылатын ақша аударымдарын алуға;

9) емдеу нәтижелі болған жағдайда, он тәулікке дейінгі қысқа мерзімді демалыс алуға;

10) ішкі тәртіп қағидаларының және мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының
сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;

11) күн сайын серуендеуге;

12) ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға құқығы бар.

3. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар:

1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;

2) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым әкімшілігінің  және медициналық персоналдың заңды талаптарын орындауға;

3) белгіленген емді қабылдауға;

4) ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда тазалық пен тәртіп сақтауға, сондай-ақ оның аумағында аптасына екі сағаттан аспайтын жинау жұмыстарын жүзеге асыруға;

6) жеке гигиенаны сақтауға міндетті.

4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар құқық бұзушылықтар жасағаны және (немесе) материалдық нұқсан келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 Ескерту. Заң 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...6-2 6-3 6-4 7 8 ...11 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-4-бап Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184