Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Алқабилер туралы
4-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi



Ст. 4 Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121




1. Алқабилердi iрiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергіліктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар iрiктелетiн жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан осы Заңның 10-бабында белгіленген, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкес келуiн тексеру үшін қажет ақпаратты сұратуға құқылы. Жергiлiктi атқарушы органдардың сауалдарына жауаптар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей олардың мекен-жайына жiберiлуге тиiс.

3. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi әлiпбилiк тәртiппен жасалады. Тiзiмдерде алқабиге кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (жасы жиырма бесте болса - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты жерi көрсетiледi.


Статья 1 2 3 4 5 6 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Алқабилер туралы 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121