Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;

2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;

3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары – эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;

 4) базалық шарт – ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және (немесе) екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;

5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

6) дебитор – қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;

 7) жобалық қаржыландыру – мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі;

8) жобалық қаржыландыру мәмілесі – тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы;

9) инвестициялық портфельді басқарушы – инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

10) кредитор – облигацияларды ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

11) қосымша қамтамасыз ету – арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері;

12) оригинатор – секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

 13) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және (немесе) беретін және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға;

14) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

15) секьюритилендіру мәмілесі – арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;

16) талап ету құқықтары – талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары);

17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер – дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер;

18) талап ету құқықтарының біркелкілігі – талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі;

19) тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар;

20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

21) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміленің күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).

 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126