Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті



Ст. 7 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV



1. Жергілікті өкілді органдар:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды;

3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

2. Жергілікті атқарушы органдар:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді;

5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV