Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
14-бап. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орауға, таңбалауға және сақтау мерзiмдерiне қойылатын талаптар



Ст. 14 Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489



1. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн орау, маркiлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамы олардағы йод құрамының нормативтiк құжаттармен көзделген мөлшерде сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.

3. Йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң орамында, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ақпаратпен қатар, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде мынадай деректер көрсетiлуге тиiс:

1) тамақтық және энергетикалық құндылығы;

2) йод қосындыларының құрамы;

3) қолданудың мақсаты және шарттары;

4) сақтаудың шарттары және мерзiмдерi.

4. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi орамда көрсетiлген ақпаратқа сәйкес келуге тиiс.

5. Йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерi белгiленген сақтау мерзiмi өткен соң кәдеге жаратылуға, өнеркәсiптiк жолмен қайта өңделуге не қайта йодталуға жатады.

Сақтау мерзiмi өткен йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн өткiзуге тыйым салынады.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы 2003 жылғы 14 қазандағы N 489