Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері



Ст. 14-1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591



1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:

1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;

2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;

3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмағанға осы шараны одан әрі қолданудың қажеті жоқ деген қорытындыға келсе;

4) кәмелетке толмаған ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымына жіберілгенде;

5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.

2. Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:

1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;

2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;

3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;

4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.

3. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда:

1) ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері анықталғанда;

2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;

3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;

4) сот үкімі заңды күшіне енгенде;

5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады.

Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 14-1 15 16 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-1-бап Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591