Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Органикалық өнім өндіру туралы

Органикалық өнім өндіру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) органикалық өнім – осы Заңның талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі, жабайы өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;

2) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) органикалық өнімді таңбалау – тұтыну орамасына, көліктік орамаға немесе тұтыну орамасына және (немесе) көліктік орамаға жапсырылған немесе оларға салынған не оларға қоса берілетін өзге де ақпарат жеткізгіш түріне жазбалар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілемелер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде түсірілген органикалық өнім туралы ақпарат;

4) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі – органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы ақпарат беретін тіркелген сәйкестік белгісі;

5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;

6) органикалық өнім өндіру саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, сондай-ақ органикалық өнім өндіру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

Статья 1 2 3 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Органикалық өнім өндіру туралы 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V ҚРЗ