Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері

Ст. 15 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Уәкілетті органның міндеттері: 

1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру; 

3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық деректер базасын жүргізу; 

4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру; 

5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру болып табылады. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV