Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу



Ст. 10-4 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I



1. Қазақстан Республикасының аумағына террористік материалдарды әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және террористік іс-әрекет белгілері және (немесе) оны жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыру қамтылған не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.

Ескерту. 4-тарау 10-4-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...10-2 10-3 10-4 11 12 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-4-бап Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I