Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Оңалту және банкроттық туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төл өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), балара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кіріс жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 

2) әдейі банкроттық – құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері; 

3) әкімші – істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар; 

4) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар; 

5) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер; 

6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi; 

7) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім; 

8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам; 

9) борышкер – өзіне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бірінiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы. 

Бiртектi кредиторлар топтарын: 

өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша кредиторлар; 

еңбек шарттары бойынша еңбекке ақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар; 

кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар; 

салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторлар; 

тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар; 

кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары; 

борышкердің облигацияларын ұстаушы кредиторлар құрауы мүмкін; 

11) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік; 

12) бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімін тоқтату мақсатында оның кез келген сатысында банкрот пен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу арқылы қолданылатын рәсім; 

13) жоқ борышкер – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ оның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының болмауы осы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер; 

14) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердің әдеттегі қызметіне жататын, тұрақты сипаты бар, мыналарды: үй-жайларды жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыруды, өнім берушілермен мәмілелерді, шикізат сатып алуды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, дайын өнімді өткізуді және қызметтер көрсетуді қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін әрекеттер. 

Кәдімгі коммерциялық операцияларға жылжымайтын мүлікті немесе өзге активтерді иеліктен шығарумен байланысты мәмілелер, мүлікті кепілге беру, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге беру жатпайды; 

15) кепiлдi кредитор – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін, талаптары борышкердің мүлкiн кепілге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

16) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

16) кредитор – еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақыны, еңбек шарттары бойынша өтемақыларды төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, салықтар, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, борышкердің азаматтық-құқықтық және (немесе) борышкердің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға; 

17) кредиторлар комитеті –оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие, кредиторлардың өкілді органы; 

18) кредиторлар талаптарының тізілімі – осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі; 

19) қала құраушы заңды тұлға – өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалатын заңды тұлға; 

20) лауазымды адам – акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, борышкер – заңды тұлғаның басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, борышкер – заңды тұлғаның бас бухгалтері, сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға; 

21) мүліктік масса – банкроттың банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi; 

22) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган; 

23) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген тұлға; 

24) оңалту жоспары – борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi; 

25) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады; 

26) реверсивті факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор өзінің борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға дебитордың борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін орындайды; 

27) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор – борышкерге салықтарды, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, сондай-ақ бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу жөніндегі борышкердің мiндеттемелерiнен туындайтын талаптары бар тұлға; 

28) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады; 

29) уақытша әкімші – оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін өзімен келісім жасалған тұлға; 

30) уақытша басқарушы – банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін өзімен келісім жасалған не осы Заңда белгіленген жағдайларда уәкілетті орган тағайындаған адам; 

31) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсiмiне қатысушы қабылдайтын шешiмдерге әсер ету, оның iшiнде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды, ұлттық басқарушы холдингтi, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын қоспағанда) (оңалту немесе банкроттық рәсiмiндегi үлестес тұлғалардың тiзбесi осы Заңның 9-бабында белгiленедi); 

32) факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына қойылатын мүліктік талапты үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына қойылатын талап ету құқығының орнына борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.  

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...128

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться