Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы
5-бап. Уәкілетті органның міндеттері мен функциялары



Ст. 5 Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145



1. Уәкілетті органның негізгі міндеттері:

1) осы Заңда айқындалған мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру;

2) қаржы орталығын одан әрі дамыту;

3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.

2. Уәкілетті органның функциялары:

1) заңды тұлғаларды - қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);

1-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен визалар беру туралы өтініш жасау;

3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) қаржы орталығының қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) қаржы орталығының атынан мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өкілдік ету;

7) қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

8) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ақпарат ұсыну;

9) (алып тасталды - 2007.07.21. № 309)

10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 № 309, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145