Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі



Ст. 20 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310




1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;

2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;

Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;

3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;

4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;

5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.

1-1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.

2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:

оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;

жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:

құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді;

жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;

құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:

бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;

тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;

2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;

3) тіркеуші орган:

құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;

құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;

тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.

 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...61 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310