Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
9-бап. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімі



Ст. 9 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

3. Алынып тасталды - ҚР 2009.04.22 № 151-IV Заңымен.

4. Мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдар салатын құқықтар ауыртпалықтарын және осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу туралы өтініштер мемлекеттік тіркеуге дереу берілуге тиіс.

5. Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

  Ескерту. 9-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.04.23 № 4 Нормативтік қаулысымен.

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.04.22 № 151-IV, 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310