Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 18 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады. 

2. Кез келген адамның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол: 

1) кепiл туралы мәлiметтер көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуға; 

2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның немесе Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс. 

3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс. 

4. Алып тасталды.  

5. Алып тасталды.  

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 N 11, 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254