Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сауда қызметiн реттеу туралы

Сауда қызметiн реттеу туралы
16-1-бап. Тарифтік квоталар



Ст. 16-1 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544



1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:

1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;

2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.

Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік  квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.

2. Әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.

 Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...15-1 16 16-1 17 18 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-1-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544