Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22-6 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
22-6-бап. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы

1. Экспорттық-кредиттік агенттік экспорттық кредиттерді, инвестицияларды, отандық экспорттаушыларға және отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шетелдік сатып алушыларға кредит (қарыздар) беруге байланысты мәмілелерді, олардың пайдасына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктерді қаржы ұйымдарының тиісті залалдарынан, өзге де қаржылық залалдардан және тиісті азаматтық-құқықтық жауаптылықтан ерікті сақтандыруды, сондай-ақ оларды тиісті лицензиясыз қайта сақтандыруды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығы параметрлерін сақтау мақсатында сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің портфелі сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан аспауға тиіс.

Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелерінің жиынтық сыйымдылығы:

1) меншікті капиталдың;

2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің жиынтық мөлшерінің сомасына тең.

Сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеме портфелінің мөлшерін сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан асыруға жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады.

3. Экспорттық-кредиттік агенттік "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды.

4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру топтарын пруденциалдық реттеу, басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасудың, еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға, заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына елеулі қатысуға рұқсат берудің (кері қайтарып алудың) тәртібіне, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру, тарату тәртібіне қойылатын сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтауына бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Экспорттық-кредиттік агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді береді.

5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер Экспорттық-кредиттік агенттікке, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсетеді.

6. Өзге де орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі тетіктерді іске асыруда және жергілікті жерлерде экспортқа бағдарланған кәсіпорындармен жұмыс істеуде Экспорттық-кредиттік агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік органдар, коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Экспорттық-кредиттік агенттіктің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен беруге міндетті.

8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметіне мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

Ескерту. 4-тарау 22-6-баппен толықтырылды – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...22‑4 22‑5 22‑6 22‑7 23 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться