Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
11-бап. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi бастамашылық



Ст. 11 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдум тағайындау бастамашылығы:  

1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;  

2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселені әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиісті қаулыларымен ресімдейді;  

3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тілек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжiлiсiнде мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi;  

4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, олар республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентiне тiлек бiлдiредi.  

2. Бiр ғана мәселе (бiр ғана мәселелер) бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгiзiлуi мүмкiн және оларды Республика Президентi аталған мәселе (аталған мәселелер) жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.04 N 30-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592