Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өзін-өзі реттеу туралы
11-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі



Ст. 11 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі – өзін-өзі реттейтін ұйымдардың деректемелері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері, олардың филиалдары туралы мәліметтерді қамтитын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген хабарламалардың негізінде қалыптастырылатын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізбесі.

2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру үшін хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ақпаратты олардан көрсетілген ақпаратты растауды қосымша талап етпей алуға міндетті.

3. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ