Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өзін-өзі реттеу туралы
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 6 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Уәкілетті орган:

1) өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

3) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмекті және реттеуші мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

4) реттеуші мемлекеттік органдар дайындайтын реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне сараптама қорытындыларын береді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ