Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
35-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтары (одақтары)



Ст. 35 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



1. Ауыл шаруашылық серiктестiктерi облыстық және республикалық деңгейлерде қауымдастықтарға (одақтарға) бiрiгуi мүмкiн.

2. Бастауыш ауыл шаруашылық серiктестiктерi өз қызметiн үйлестiру, экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында мемлекеттiк және өзге де құрылымдарда коммерциялық емес ұйым болып табылатын ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтарын (одақтарын) құрады.

3. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi құрылтай шартының және жарғының негiзiнде iс-қимыл жасайды, бiрақ өзiнiң дербестігi мен заңды тұлға құқығын сақтайды.

4. Қауымдастықтың (одақтың) негiзгi мiндеттерi:

1) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi бiрлестiктерiнiң дамуын реттеу және оған жәрдемдесу;

2) ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құқықтары мен экономикалық мүдделерін қорғау;

3) аймақаралық байланыстарды әзiрлеу мен жүзеге асыру, iшкi және сыртқы экономикалық өзара қатынастарды жетiлдiру;

4) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдесу, салааралық айырбастың баламалылығы мен ауыл шаруашылық өнiмiнiң және өнеркәсiп беретiн ресурстардың бағасын реттеп отыру;

5) кәсiпорындардың даму үрдiсiн айқындау, соның негiзiнде одан әрi даму перспективасының жалпы бағытын белгiлеу;

6) жаңа техниканың, технологияның енгiзiлуiне жәрдемдесу, тәжiрибе, ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру және патент-лицензия жұмысы мен лизингтi ұйымдастыру.

5. Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген басқа да мiндеттердi жүзеге асыруға хақылы.

6. Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтары (одақтары) ерiктi негiзде құрылады, құрылтайшылар жүктеген мiндеттерді атқарады.

7. Қауымдастықтардың (одақтардың) қызметiн қаржыландыру осы қауымдастыққа (одаққа) бiрiккен ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң жыл сайынғы шарттық аударымдары арқылы жүзеге асырылады.  

Қазақстан Республикасының

Президентi

Статья 1 ...33 34 35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II