Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
6-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері



Ст. 6 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау және кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне сервистік қызмет көрсетудің басқа да түрлері болып табылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметтің бір және (немесе) бірнеше түрлерімен айналысуға құқылы, бұл оның жарғысында көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері тиісті рұқсаттың (лицензияның) негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқылы.

2. Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің негізгі түрі оның фирмалық атауында көрсетілуі мүмкін.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ