Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
7-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң құқық қабiлетi



Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативi заңды тұлға болып табылады және оның мыналарға:

пайшылардың қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға;

өзi құрылған мақсаттарға қол жеткiзуге қызмет ететiндiктен, кәсіпкерлiк қызметпен шұғылдануға;

 Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген және кооперативтiң жарғысында көзделген тәртiп бойынша өзiнің филиалдары мен өкiлдiктерi болуына;

пайшылардан қосымша пайлар және басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан заемдық қаражат тартуға;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;

тұтыну кооперативiнiң құқықтарын бұзатын мемлекеттiк органдардың актiлерiне, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiне, олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;

заңды тұлғалардың селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыруға өкiлеттiгi бар. 

2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жекелеген қызмет түрлерімен немесе әрекеттермен (операциялармен) селолық тұтыну кооперациясы рұқсаттың не хабарлама жіберудің негізінде ғана айналыса алады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы