Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері



Ст. 15-1 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері қызметін осы Заңда және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 15 – 19, 22, 24, 29 – 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді. 

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері: 

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар; 

2) ерікті негізде келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері; 

3) запастан шақырылған әскери қызметшілер қатарынан жасақталады. 

Азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім, жұмыс тәжірибесі мен дене дайындығы деңгейі жөніндегі талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi. 

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі. 

Ескерту. 5-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 15-1 16 17 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-1-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы