Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi



Ст. 2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



Мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу; 

3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 

4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру; 

5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру; 

6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін. 

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...1-2 1-3 2 3 4 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы