Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары



Ст. 18 Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII



1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.

2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.

3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге жатады. Қаруды тiркеу кезiнде қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат берiледi.

Рұқсаттың нысанын және оның қолданыс мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Жеке күзет ұйымының күзетшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаруды және арнаулы құралдарды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат алуға тиіс.

5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн.

6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 2 ...17 17-1 18 19 20 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII