Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi



Ст. 7 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39



1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

1-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;

6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

6-1) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;

8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдар

9) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

9-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:

жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін – жеке көмекші;

 есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына алпыс сағатқа беру тәртібін бекітеді;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:

1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;

2) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;

3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;

5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;

6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;

7) өз құзыретi шегiнде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.

  Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39