Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы

Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті



Ст. 3-2 Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I



Мемлекеттік корпорация:

1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;

2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;

3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;

4) ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;

6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;

7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.

 Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 3-1 3-2 4 5 ...9 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-2-бап Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I