Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы

Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы
12-бап. Тұрғын үй алу құқығы



Ст. 12 Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы



Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi. Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi. Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады. Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады. Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.08 N 478, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы