Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы: 

1) аудиттеу субъектiсiнiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң; 

2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да:  

1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы; 

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы  

хабарламау; 

3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi; 

4) аудиттеу субъектiсiнiң аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген мiндеттердi бұзуы; 

5) сақтанушының аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарында белгiленген функцияларына және мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруы; 

6) аудиттеу субъектiсiнiң сақтанушыға аудит жүргiзу үшiн қажеттi толық емес және (немесе) расталмаған құжаттаманы және басқа да ақпаратты ұсынуы негiз болуы мүмкiн. 

3. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы. 

4. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi. 

5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...19‑1 20 21 22 23

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться