Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi



Ст. 8 Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440



1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.

4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының мазмұны мен ресiмделуi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

5. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440