Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
7-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу



Ст. 7 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.

2. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

3. Көлік құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адам тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға тексеру үшін көрсетуге міндетті.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде автомобиль көлігі құралын басқаратын, жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын адамнан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін көрсетуді талап етуге міндетті.

4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444