Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы



Ст. 9 Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580



1. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.

Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.

Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.

3. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580