Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы
10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары



Ст. 10 Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533



1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерi туралы талапты сақтандырушы жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:

мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;

егiстiк жерлердi орналастыру картасының (схемасының) көшiрмесi;

гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;

тiзбесi мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн, нақты кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) егiстер iшiнара жойылған кезде кiрiстi бағалау жөнiндегi есебi қоса тiркеледi.

Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi.

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 179, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533