Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы
5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері



Ст. 5-2 Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533



1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.

3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.

Ескерту. Заң 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 5-1 5-2 6 7 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-2-бап Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533