Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi



Ст. 40 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:  

1) ескерту;  

2) сөгiс;  

3) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 

4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;  

5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.  

2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.

  Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...38-2 39 40 41 42 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132