Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сот приставтары туралы
4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртiбi



Ст. 4 Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150



1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) (соттардың кеңселерінде) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрады.

 2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган:

1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;

2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады;

3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн жинақтап қорытады, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;

4) сот приставтары қызметiнiң есебiн жүргiзумен айналысады;

5) басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарының орындалуын және соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi;

6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

3. Алынып тасталды - ҚР 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.06.22 № 147 Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150