Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1-1 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйi (ғимараты) - құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен дiни жиналыстарға, тәу етуге (мiнәжат етуге) арналған объект;

2) миссионерлiк қызмет - өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң жарғылық ережелерiнде жоқ дiни сенiмдi дiни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату;

3) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi мемлекеттiк орган.

Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

Статья 1 1-1 2 3 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-1-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы