Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері



Ст. 26 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.

2. Байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi.

Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыстың үстем операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.

3. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркiн таңдаудың техникалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:

1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;

2) өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерінің және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-трафик алмасу нүктелеріне және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне өз желілерінің жалғануын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.

4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:

1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;

2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;

3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;

4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.

5. Қалааралық байланыс операторлары:

1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;

2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;

3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.

6. Халықаралық байланыс операторлары:

1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;

2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;

3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету


Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567