Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Байланыс туралы

Байланыс туралы
37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану



Ст. 37 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желiлерiнде байланыс операторларының қызметтiк iс жүргiзуi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының шегiнде жiберiлетiн жеделхаттар мен пошта жөнелтiмдерiн жөнелтушi мен алушының мекен-жайлары жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде ресiмделуге тиiс.

3. Жеделхаттың мәтiнi жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жазылуға тиiс.

3-1. Ұялы байланыс операторы ақпараттық, шағын мәтіндік хабарламалардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуін қамтамасыз етеді.

4. Байланыс желiлерi арқылы берiлетiн халықаралық хабарламалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде айқындалатын тiлдерде өңделедi.

5. Байланыс операторларының қызметiне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәлiметтер, сондай-ақ бланкiлiк өнiмнiң үлгiлерi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолайлы жерге орналастырылады.

Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...36-1 36-2 37 38 39 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567