Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе)құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі



Ст. 41-1 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанауды және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланылған жағдайларда, осы баптың 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уәкілетті органға байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізеді. 

1-1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға заңды бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша дереу шаралар қолдануға міндетті. 

Телекоммуникациялар желісінде ақпаратты орналастырған тұлға уәкілетті органның нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 

1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы. 

Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жібереді. 

3. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет: 

1) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманы немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті; 

2) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтайды және оған мұндай ақпаратты жою бойынша шаралар қолдану талабымен хабарлама жібереді. 

4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді. 

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін уәкілетті орган байланыс операторына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптың күшін жою туралы тапсырма береді. 

6. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауы тиіс. 

7. Уәкілетті орган, байланыс операторлары және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 10-тарау 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...40 41 41-1 42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-1-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567