Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 208 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау

1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты шығарылған уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі тауарлардың, сондай-ақ адамдарда осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің талаптарына сәйкес болуға тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында, шекара аймағында, сондай-ақ тауарлардың көтерме немесе бөлшек саудасын жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймағы болып табылмайтын жерлерде сақтайтын тұлғаларда, тауарларға иелік ететін және (немесе) оларды пайдаланатын өзге де тұлғаларда, осы тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделген тәртіпті бұза отырып Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда тұрған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін жүргізуі мүмкін. 

3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстің 40, 47, 54, 185, 260, 334 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін. 

4. Тұрғын үй-жайларға кедендік қарау жүргізуге жол берілмейді. 

5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау ұйғарымды (нұсқауды) және кеден органы лауазымды адамының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде жүргізіледі. 

Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

6. Аумаққа және үй-жайларға жіберуден бас тартылған жағдайда, кеден органдарының лауазымды адамдары аумаққа және үй-жайларға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақтарға және үй-жайларға кіруіне кедергі келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

7. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіруін арнайы тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 

8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау оны жүргізу үшін қажетті ең аз уақыт кезеңінде жүргізілуге тиіс және бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кедендік қарауды жүргізу уақытының кезеңі бес жұмыс күнінен артық ұзартыла алмайды. 

9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімімен бекітілген нысан бойынша акт жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау актісінің екінші данасы үй-жайлары немесе аумақтары қаралған тұлғаға табыс етілуге (жіберілуге) жатады.

Статья 1 ...206 207 208 209 210 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться