Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Телерадио хабарларын тарату туралы
10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі



Ст. 10 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV




1. Отандық теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалары қазақ тілінде және басқа тілдерде таратылады.

2. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Қазақ тіліндегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Телеарналарда тарату кезінде субтитр түріндегі телебағдарламалар мен фильмдердің аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлеміне есептелмейді.

3. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді қазақ тілінде пайдалануға тиіс.

4. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды.

5. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы қазақ тілінде және басқа тілдерде жүзеге асырылады.


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV