Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Телерадио хабарларын тарату туралы
34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау



Ст. 34 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV



1. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау, егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иеленуші - теле-, радиокомпания арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мазмұнына өзгерістер енгізілместен жүзеге асырылады.

2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмейтін жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.

3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иеленуші теле-, радиокомпания арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.

4. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс. 
5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV