Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Телерадио хабарларын тарату туралы
40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі

Ст. 40 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі – бір үй және (немесе) бірнеше үй шегінде теле-, радиоарналарды қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені. 

2. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кабельдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады. 

3. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір үй шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі үйдің меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін бірнеше үйлер шегінде ұжымдық қабылдау жүйесі, егер осы үйлердің меншік иесі бір жеке немесе заңды тұлға болып табылса, орнатыла алады. 

4. Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына әсер етпеуге тиіс. 
40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату 

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады. 

Ескерту. 5-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...38 39 40 40‑1 41 ...43

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV