Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 14 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
14-бап. "Шығындарға қосу" әдісі

1. "Шығындарға қосу" әдісін пайдаланған кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады. 

2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі. Үстеме баға қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан, салыстырымды экономикалық шарттарда рентабельділік нормаларының ауқымы негізінде есептелетін рентабельділік нормасының орташа ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады. 

3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік кіріс органдары деректерінің және басқа да ақпарат көздерінің негізінде айқындалады. 

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...20

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV